10-12 сәуірде Филиппинде соққан "Агатон" ("Меги") тропикалық дауылы кезінде қаза болғандар саны 224-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Филиппиннің Апат қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің есебіне сәйкес, тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны 224-ке жеткен, тағы 2 миллион 81 мың адам зардап шеккен. Табиғи апат салдарынан 175 мыңнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл ретте 76 елді мекенде электр қуатына байланысты мәселе туындап отыр.