24.04.2022, 10:00
Оқылды: 69

Аудандық театр жаңа ғимаратқа көшеді

Бәйтерек – облыстағы іргелі аудандардың бірі. Орал қаласының дәл түбінде орналасқандықтан мұнда ат басын бұра кететін меймандар аз емес. Келген қонақтың көзі бірінші кезекте аудан орталығының сырт келбетіне көзі түседі. Соған орай Переметный ауылын көркейту, абаттандыру бағытында көп іс атқарылуда. Сондай игі істердің бірі – тозығы жеткен ғимараттарды жаңа кейіпке көшіру.

0df439aa-1971-4b44-8329-a3f5020663f0

Бұрын Достық үй болған нысанда қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл ғимарат көп кешікпей театрға айналмақшы. Бұйыртса спекталь, өзге де қойылымдар, мәдени шаралар енді осында болады.

76667de4-6dcf-4aaa-833f-c97bd04a68cb

Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания өкілдерінің айтуынша, биылғы 3 наурызда басталған құрылыс жұмыстары 3-4 айдың ішінде, яғни шілденің соңында толығымен аяқталмақшы. Мұнда 30 шақты адам еңбек етуде. Ғимараттың едені, төбесі жаңадан салынуда. Сахна қойылуда. Қазір ғимараттың сыртқы бөлігі жөнделіп біте келді. Жұмыстар жоба сәйкес жүруде. Әзірге ешқандай мәселе туындап жатқан жоқ.

6dc5760d-b4a7-4a7d-8597-2d7ae0e46968

555420e4-2eab-4390-a41b-17036f06058e

Енді театр туралы айтар болсақ, 2017 жылы құрылған аудандық сазды драма театры бүгінгі таңда облысқа танымал өнер ұжымдарының біріне айналды.

2770fcb4-1205-4f98-a496-84953f4fddbf

Түрлі республикалық байқаулардан олжалы оралып жүрген театр әртістерінің болашақта бағындырар белестері көбейетініне сенім мол. Оған мына жаңа ғимарат та өзіндік себептігін тигізері анық.

Жәнібек Бөкенбай,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале