ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының жазғы демалысы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін желіде оқу жылы 17 маусымға дейін ұзартылады деген ақпарат тараған болатын.
"Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникулдық кезеңдерін министрлік "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес айқындайды. Дәстүр бойынша биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Пандемия, шектеу шаралары кезінде рұқсат етілген білім сапасын арттыру және білім олқылықтарын толтыру мақсатында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық мектеп оқушылары үшін (9, 11 сыныптардан басқа) жазғы мектеп ұйымдастырылады", - делінген Tengrinews.kz жіберген ресми сауалда білім Шолпан Каринова.
Ведомствоның мәліметінше, жазғы мектеп - оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік.
"Жазғы мектептегі сабақтар математика, тіл және басқа да негізгі пәндер бойынша өтеді. Жазғы мектепте оқу бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді.
Министрлік мектеп оқушыларына жазғы мектепке баруды ұсынады, шешімді ата-аналар мен оқушылар қабылдайды", - деп толықтырды ҚР Білім және ғылым министрлігі.