27.04.2022, 10:31
Оқылды: 81

Бөрлі ауданының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Бөрлі ауданының әкімі лауазымына Еркебұлан Нұретдинұлы  Ихсанов тағайындалды.

IMG-20220427-WA0010

Еркебұлан Нұретдинұлы Ихсанов 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2003 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын экономист мамандығы бойынша және 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Казталов ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің статисті болып бастаған.

Әр жылдары:

- БҚО еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы;

- БҚО мәдениет басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы;

- БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы және бөлім басшысы;

- Орал қаласы қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале