29.04.2022, 12:00
Оқылды: 40

Коронавирустың мутацияға ұшырап жатқаны алаңдатады - Айжан Есмағамбетова

Бізге ұжымдық иммунитетті сақтап қалу керек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге сұхбат берген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220428134150366e

«Коронавирусқа тоқталсақ, бұл мәселедегі қауіпсіздік адамдардың өзіне байланысты. Бізге ұжымдық иммунитеттті сақтап қалу керек. Ол үшін вакцина салдырған дұрыс немесе равакцинация жасау маңызды. Атап айтқанда, коронавирус инфекциясының таралуы жайында дәл қазір ешбір маман нақты пайымын айта алмайды», - деді А. Есмағамбетова.

Осы орайда ол инфекцияның таралуы ахуалына байланысты екі сценарий бар екенін айтты.

«Яғни коронавирус мутацияға ұшырап жатқанын көріп тұрмыз. Дегенмен вирус құрамы мен оның патогендігінің төмендеуі жақсы нышан. Алайда вирустың әлі де мутацияға ұшырап жатқаны бізді алаңдатып отыр. Бұл өз кезегінде вирусты біржола жеңдік деп сенімді түрде айтуға мүмкіндік бермейді», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресеймен арада коронавирустан вакцина паспорттарын өзара тану туралы келісімді бекітуді қолдап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале