29.04.2022, 10:15
Оқылды: 59

Атырауда 4-қабаттан құлаған төрт жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда 4-қабаттан құлаған 4 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26

Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, емдеу орнына 4 жасар қыз кеше, 27 сәуірде түскен.

«Кішкентай қыздың жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың басында жарақаты, денесінде көптеген сынық бар. Дәрігерлер науқасқа шұғыл ота жасады. Ота 2,5 сағатқа созылды. Аурухана дәрігерлері науқасқа барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр», -деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Кішкентай қыз ас бөлмесінің терезесінен құлаған. Бұл кезде әкесі басқа бөлмеде болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда әжесінен адасып қалған 5 жасар бала жоғалып кеткенін жазған едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале