30.04.2022, 14:00
Оқылды: 61

Шыңғырлау халқы 1 мамыр мерекесін атап өтті

Жиырмадан астам ұлт өкілдерінің басын қосқан Шыңғырлау ауданында жыл сайын 1 мамырда Қазақстан Республикасында халық бірлігі мен ынтымақтастығы күні аталып өтіледі.

7D4A3967-8FB2-40A7-A9F6-A297E3F860C2

Ауданның орталық алаңында  «Бірлігі жарасқан - Қазақстан»  атты мерекелік концерт өтті. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан тұрғындары мен қонақтарды аталмыш мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Аудан басшысы: "Бүгін – ерекше күн, татулық күні. Еліміз осы мерекені жақсы көреді, жоғары бағалайды. Сондықтан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс әкелсін! Ынтымағымыз жарасып, ырысымыз арта берсін!» дей келе, өңірімізде ұлтаралық келісімді нығайтуға үлесін қосып жүрген ұлттық бірлестіктерді құттықтады. Яғни аудан әкімі «Марычка» украин, «Березка» орыс, «Ізге-ай» татар ұлттық мәдени орталықтары мен «Шыңғырлау әйелдері» қоғамдық бірлестік жетекшілеріне алғысхат табыс етті.

D0D20B02-5FDB-4F99-9A01-DCE0D0ECF6BF

Ал Шыңғырлау аудандық  қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұрат Бекжанов қоғамдық бірлестіктер атынан аудандағы этно-мәдени орталықтарының жұмысына қолдау көрсетіп жүрген аудан азаматтарын алғысхаттармен марапаттады.

Мереке берекеге ұласып, этномәдени бірлестіктері мен аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының өнер фестивалімен жалғасты.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале