3.05.2022, 11:45
Оқылды: 34

Қазақстан мен Ресей ішкі істер министрліктері есірткі сататын трансұлттық арнаны жойды

Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрліктерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөліністері синтетикалық есірткілерді пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізу арнасының жолын кесу бағытында екі ел аумағында арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

220503085903035e

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, есірткі тасымалын жедел құрықтау үшін ведомствоның орталық аппаратының, полиция департаменттері мен Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-нің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы топ құрылды.

«Омбы және Тараз қалаларында бір мезгілде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Ресей Федерациясындағы синтетикалық есірткілердің негізгі жөнелтушісін және Қазақстанда оны қабылдап алушыны ұстады. Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту барысында ірі есірткі зертханалары анықталды. Ұсталған – Омбы қаласының тұрғыны «синтетиканы» дайындап, пошта жөнелтілімдері арқылы Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға жіберіп отырған. Ол жалған құжаттарды пайдаланып, сәлемдемелерді түрлі тауарлар – көлік майы, тұрмыстық химия және т.б. түрінде жасырған», - деп жазылған ақпарат көзінде.

Полицейлер жалпы сомасы 9,5 млн астам АҚШ доллары болатын 260 кг қолдануға дайын есірткіні тәркіледі. 2021 жылдың қазаны мен биылғы сәуір аралығында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылорда қалаларында синтетикалық есірткі өндірумен және таратумен айналысқан Қазақстанның 13 азаматын ұстады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале