11.05.2022, 11:45
Оқылды: 34

Жиын өзегі - мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері

Жаңақала ауданына ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Аманқос Жұбаныш, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты және тұрақты комиссия төрайымы Әлия Салиева және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Шынар Ғабдірахманова арнайы іссапармен келді.

Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері

Алдымен аудандық жұмыспен қамту орталығына, одан соң аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ішін толықтай тексеріп, жағдайларымен танысып шықты. Одан әрі аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұқамбетжановтың төрағалық етуімен «Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері» туралы жиын өткізді. Аталмыш отырысқа ауданның дербес бөлім басшылары, Жаңақала ауданы әкім аппараты, ауылдық округ әкімдері («zoom» қосымшасы арқылы) қатысты.

Жиында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау мәселелері айтылды. Алғаш боп сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Сағынұлы мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелеріне тоқталып өтті. Ал Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты және тұрақты комиссия төрайымы Ә.Өтемісқызы Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің жаңа редакциясын түсіндіру мен Әдеп жөніндегі кеңес тәжірибесінде жиі кездесетін құқықбұзушылықтар туралы толығырақ түсіндірді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Ш.Төлегенқызы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсу мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау мәселелеріне тоқталып, мәлімет берді.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале