20.05.2022, 17:46
Оқылды: 79

Жерлеспен өткен жүздесу

Сарыөмір ауылында Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі мен Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұйытқы болуымен «Жарқын жүздесу» өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген шараның бұл жолғы мейманы – жерлесіміз, Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру бағдарламалары орталығының аға маркетологы Дархан Сағидуллин болды.

IMG-20220520-WA0121

Жүздесудің жүргізушісі Үміткер Орынғалиев қонаққа өмірі һәм жұмысы хақында «Сұрақ – бізден, жауап – сізден» деген айдармен сұрақтар қойды.

IMG-20220520-WA0123

Дархан Нұрланұлы, өңірлік «AQJAYQ» телеарнасынан бөлек «QAZAQSTAN» ұлттық арнасы, «QAZSPORT» телеарналарында жұмыс істеген кәсіби тілші ретінде, оқушы жастарға эфир жүргізу барысында кездесетін жағдайлар мен жүргізушіге қойылатын басты талаптар жөнінде кеңінен тоқталды. Сондай-ақ қонақ кәде ретінде жырдан шашу шашты.

13

Жерлесімізбен өткен жүздесудің соңында Шалқар ауылдық округінің әкімі Сабырбек Мусин сөз алып, аудан әкімі атынан естелік сыйлық тарту етті.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале