20.05.2022, 22:08
Оқылды: 57

Әлеуметтік мәселелер талқыланды

Бүгін "AMANAT" партиясының Сырым аудандық филиалы ғимаратында зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің арттырылуы, әлеуметтік көмектер бойынша түсіндіру жұмыстарына арналған жиын өтті.

1653021985307

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов төрағалық еткен жиынға еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департамент директоры Сатқан Төлегенов, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының облыс бойынша филиал басшысы А.Елдесов, ардагерлер, зейнеткерлер, ерекше күтімді қажет ететін жандар, көп балалы аналар санатындағы бірқатар тұрғындар қатысты.

20220520_113040

Тұрғындар тарапынан ерекше күтімді қажет ететін егде жастағы тұлғалардың шипажайда демалуына мүмкіндік беру, қос бүйірден қысқан қымбатшылыққа тұсау салу, мониторингтік топтың жұмысына серпін беру секілді сұрақтарға сала басшылары тиісінше жауап берді. Жиын соңында жеке қабылдау жүргізіліп, көтерілген мәселелер оң шешімін табатын болды.

 

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале