21.05.2022, 15:09
Оқылды: 62

Министрлік утильалымға байланысты жаңа мәлімдеме жасады

23 мамырдан бастап қазақстандықтар утильалымы төленбеген көліктерін төмендетілген мөлшерлемемен тіркей алады, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

164FF52F-CE88-42FE-974F-C722514B14D0

Министрліктің ресми өкілі Беркінбаевтың сөзінше, 2022 жылдың 14 мамырына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктердің бұған дейін утильалымы төленбеген болса, 23 мамырдан бастап жаңа төмендетілген мөлшерлемемен төлеуге болады. Ол үшін тек тиісті мекемеге өтініш жазу керек. 

– Енді елге кірген көліктердің утильалымы кірген уақытына емес, утильалымға өтінім берген күннен бастап есептелетін болды, - деді ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізген еді. 14 мамырдан бастап Қазақстанда утильалымның жаңа төмендетілген мөлшерлемесі күшіне енген. Бұрынғы утильалым мөлшерлемесі бірден 50 пайызға төмендеді.

651FF0A3-3234-4DEC-B9B5-16EF41918948

Еске салайық, қолданыстағы есептеу формуласына сәйкес кәдеге жарату төлемі көлік құралының қозғалтқышының көлеміне тікелей байланысты болады.

Дереккөз: baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале