30.05.2022, 10:00
Оқылды: 41

БҚО-да ауыл тұрғынына тіл тигізген әйел сотталды

БҚО-да дүкенде ауыл тұрғынына тіл тигізген әйел сотталды. Жәбірленушінің айтуынша, сотталушы өзін бір жылға жуық уақыт түрлі сөздермен қорлап келген, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

IMG-20220530-WA0003

Мәлімет бойынша, ауыл дүкенінде тәртіп бұзушы мас күйінде жәбірленушіге әдепсіз сөздер айтқан, бұл бірнеше мәрте қайталанған. Істі Тасқала аудандық соты қарады.

"Жәбірленуші сотталушының мұндай әрекеттері бір жылға жуық уақыт бойы жалғасып келе жатқанын және осы уақыт бойы оны кешіргенін айтты. Алайда, құқық бұзушы өзінің заңсыз әрекеттерін жалғастыруын тоқтатпаған, осыған байланысты жәбірленуші оған жаза тағайындауды сұрады", - Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Сот құқық бұзушыға айыппұл салуды бұйырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале