30.05.2022, 12:00
Оқылды: 101

Референдум – Жаңа Қазақстанның айқын көрінісі

5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтпек. Сан ғасырлық тарихы бар еліміздің әлемдік аренада өзіндік орынын айқындауда бұл саяси науқанның маңызы зор. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың таңдауы саяси, әрі ұтқыр қадам. Өз кезегінде демократияның орнықтылығын да айшықтайды.

IMG_1003

Қазіргі таңда әлемде геосаяси ахуал тұрақсызданып, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс орын алуда. Ағайындас екі мемлекеттің арасындағы қақтығыс салдары көптеген елдердің экономикасына әсер етуде. Бұдан бөлек, барыс жылы еліміздің егемендігіне төнген қауіптен бастау алды. Жат ағым өкілдері Алматы және өзге де облыс орталықтарында бүлік шығарып, жазықсыз азаматтарды өлтіріп, стратегиялық маңызы бар нысандарды басып алуға оқталды. Кейін Ауғанстандағы сценарийдің қайталанып отырғанын ескеріп, жедел әрекет еттік. Мемлекет басшысы бұл ретте өзінің көрегенділігін танытып, халықпен бірге болып, маңызды шешімдер қабылдады. Соның бірі – Конституциялық тәртіптің орнауы.

Қаңтар оқиғасы кезінде жолдаған үндеулерінде, мемлекеттік телеарналарға берген сұхбаттарында Президентіміз еліміздің жаңа реформалар күтіп тұр деп баса айтты. 16 ннаурызда Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдап, конституциялық реформа жүргізілетінін, Жаңа Қазақстан идеологиясы жүзеге асатынын атап өтті. Ол өз сөзінде «Мен бүгін ұсынып отырған бастамалар қаңтар оқиғаларынан әлдеқайда бұрын мұқият ойластырылып, пысықталған» деген еді. Сөздің парқын түсінген қазақ, мұны Президентіміздің ел басқарған кезеңдегі жылдардағы атқарған жұмыстарымен сабақтастырдық. Қуғын-сүргін құрбандарының толық ақталуы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылуы, партиямыздың трансформациялануы, референдум өткізу Жаңа Қазақстанның айқын келбеті.

ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер халықтың талабынан туындап отыр. Сондықтан, Мемлекет басшысы Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді халықтың таңдауын құп көрді. Әділ шешім. Өз кезегімізде біз ел болашағына алаңдаушылық білдіріп, енгізілетін өзгерістермен танысып, өз таңдауымызды жасауымыз керек. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақтануы үшін Ата Заңның ықпалы артуы тиіс. Сондықтан, республикалық референдумның маңызы өте зор, әрі бағдары айқын. Өз таңдауымызды жасап, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Ерболат Бекмулдин,

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық

филиалының атқарушы хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале