1.06.2022, 21:08
Оқылды: 54

Аналар алқа таққан күн

Теректі ауданында аудан әкімі Тілек Габдушев алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.теректа

Бейресми форматта өткен жиынға ауданымыздағы үкіметтік емес ұйымдар мен бөлім басшылары, этномәдени орталықтардың мүшелері қатысты.
Ел демографиясының өсуіне үлес қосып, алғысқа кенелген Шаған ауылдық округінің тұрғыны, 7 баланың анасы Венера Отарова «Алтын алқаны» иеленді. «Күміс алқа» төсбелгісін иемденгендер қатарында Светлана Қожабекова (Шаған), Әсем Отарбаева (Барбастау), Гаухар Габдушева (Ақсуат) және Айсұлу Жұмағалиева (Покатиловка) болды. теректа2Төсбелгіні табыстаған аудан басшысы Тілек Александрұлы патриот ұрпақ тәрбиелеудің маңызы туралы сөз қозғап, алдымыздағы жауапты науқан – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты жарияланған референдумға белсенді қатысу қажеттігіне тоқталды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқанов та теректілік ардагелердің референдумның сәтті өтуіне бір кісідей атсалысатынын айтты.теректа3

Басқосуда аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салды. Мәселен, Подстепный ауылдық округіне қарасты Барбастау ауылында тұратын Әсем Маратқызы тұрғылықты елді мекеніне балабақша мен мектептің қажеттігін сөз етсе, шағандық Венера Алтайқызы екі бөлмелі апатты жағдайдағы үйде 7 баласымен тұрып жатқанын жеткізді. Осы округтен келген Светлана Қалиқызы жеке кәсіппен айналысуды жоспарлап жүргенін айтып, мемлекеттік грант жөнінде толығырақ білгісі келетінін мәлімдеді.
Аудан әкімі Тілек Александрұлы әр ананы мазалайтын сұрақтарды мұқият тыңдап, толық жауап берді.
Жиында округтерден келген белсенді жандар, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары ұсыныстарын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале