3.06.2022, 12:30
Оқылды: 59

Жаңа Қазақстанға дауыс бер!

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу біз үшін таңсық дүние емес еді. Ата заң бұған дейін де талай рет өзгерген. Бірақ ешкім қарапайым халықтың пікірін сұраған жоқ. Парламент қарауына ұсынып, депутаттардың бір ауыздан мақұлдауымен өзгерте салатын.

WhatsApp Image 2022-06-03 at 11.39.52

Бұл үрдіс солай жалғасып кете беретіндей көрінген. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚХА сессиясында Ата заңға енетін өзгерістерді жалпы халықтың таңдауына беріп, референдум өткізуді ұсынды. Бұл үлкен өзгерістерге алып келетін саяси шешім екенін атап өткім келеді. Бұқара халықтың таңдауымен ата заңға өзгерістер енгізу арқылы, еститін мемлекет құрылады деген сөз. Жаңа Қазақстанға бағытталған дұрыс шешім деп ойлаймын. Конституцияға өзгеріс енгізуді халық таңдауы керек.

Референдум арқылы ата заңның 33-бабына өзгеріс еңгізілетін болады. Осы өзгерістер арқылы екінші Республика қадам басып, халықтың әл-ауқаты артады деп сенемін.

Сондықтан да еліміздегі саяси өзгерістерді бірге қабылдап, 5 маусымда өтетін Республикалық референдумға қатысуға шақырамын. Ел ертеңі үшін дұрыс таңдау жасайық!

Қобыланды  Сапиуллин,

Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының басшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале