3 маусым күні аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Қоскөл ауылдық округінің әкімі лауазымына «AMANAT» партиясынан сайланған Әділет Қайратұлы Мусағалиевті ауыл активіне таныстырды.
Аудан басшысы жаңадан сайланған округ әкіміне артылған сенімді ақтап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жүйелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар Қоскөл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасаған Қанат Мұратұлына алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда өткен сайлауда Қоскөл округінде тіркелген 636 сайлаушының ең жоғары 496 дауысын жинаған Әділет Мусағалиев Қоскөл ауылдық округінің әкімі болып сайланған болатын.
Серікбай Хасанов
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz