4.06.2022, 14:20
Оқылды: 50

Жәрмеңке басталды

Жыл сайын Казталов ауданында аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесі өтеді. Осы орайда 4 маусым күні аудан орталығында аталмыш жəрмеңке бастау алды. Тауар өндіруші мен тұтынушыны тікелей байланыстыратын жəрмеңкеде сүт, ет, балық өнімдерімен қатар көкөніс, құс, жұмыртқа, ешкі малы сатылымға шығарылды.

қайрат

Жəрмеңкеге арнайы келген аудан əкімі Рүстем Зұлқашев саудасы қызған тауар өндіруші кəсіпкерлермен жүздесіп, өз ойын ортаға салды:

"Жалпы ауыл шаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесі қалып деңгейде, яғни ешкімнің араласуынсыз өтіп жатуы керек. Кəсіпкерлер өз тауарларын базарға алып келіп халыққа тікелей сатып жатса, біз тек сырттан бақылап отырсақ жақсы болады. Əттең, бүгінгі күнде бұл шаруаны тек біз ұйымдастырып, шаруаларды, кəсіпкерлерді базарға тартамыз. Ал олар біздің өтінішімізбен тауарын базарға əкелсе, тұтынушы халықты қарасы аз. Біраз ойланатын дүние, жұмысты жүйелеу мəселесі тұр", - деді.
Аудан орталығында бастау алған жəрмеңкеде қымыз, айран, сүтпен қатар құрт, ірімшік, құртмай, қаймақ сатылды. Ауыл тұрғындары Сакрылдың сары сазаны мен мөңке (карась) балығын сатып алып, мəре-сəре болды. Жəрмеңкеде халықтың сұранысы қой етіне жоғары болды. Арзан бағамен сатылған етті ауыл тұрғындары қол, санымен бөлісіп алды.

қайрат2

Алдағы уақытта ауыл шаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесі əр апта сайын жалғасын таппақ.

Қайрат Жақып,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале