6.06.2022, 17:45
Оқылды: 32

Біз өз таңдауымызды жасадық

Күллі халқымыз көз тігіп, үлкен үміт артқан бүкілхалықтық референдум да өз мәресіне жетті. 

Жалпы 1995 жылдан бергі аралықта Ата заңға 4 рет өзгеріс енгізілгенімен, оның барлығы Парламент қабырғасында қабылданғаны баршаға аян. Ал бұл жолы бұрынғы саяси жүйені түбегейлі жаңғырту халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асқалы отыр. Ең бастысы, референдумда жарқын болашағымыздың негізін қалайтын таңдау жасаларына нық сенімдемін.

000

Жасыратыны жоқ, ел тұрғындары мемлекеттік басқару жүйесінде тың өзгерістер болғанын қалайды. Әрі осы жолы санақ нәтижесінің бұрмаланбайтынына көпшіліктың сенімі зор.  Сонымен бірге осынау саяси сілкініс халықтың мемлекетке деген сенімін қайтаруға жасалған нық қадам іспеттес. Қазір қоғамда «енді не болады?» деген сұрақ бар. Ол заңды.

Сонымен, сіз бен біз өз таңдауымызды жасадық. Енді ел дамуының жаңа кезеңіндегі жақсылықтарын да бірге көрейік, ағайын!

Нұржан Сертеков,

Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале