7.06.2022, 13:00
Оқылды: 78

Казталовтықтар бұқаралық спортты қолдайды

Бүгін Казталов ауданы орталығында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен Балалар жылына орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында көпшілік марафон ұйымдастырылды. Марафонға қатысушылар балалар, әйелдер және ересектер арасында өз бақтарын сынап, жүлдегерлер анықталды.

ф

Көпшілік марафон Әнұранмен басталып, Баубек Ілиясовтың жаттықтыруымен дене жаттығуларын орындаумен жалғасын тапты. Спорттық шараның ашылу салтанатына қатысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

20220607051212_IMG_1669

Марафон қорытындысы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында Сержан Нұржан жүлделі ІІІ орын, Тасболат Сүйінғали жүлделі ІІ орын, Мағжан Нұржан жүлделі І орынға ие болды.

20220607051349_IMG_1670

Ал, әйелдер арасында бақ сынаған Жанна Әлімова жүлделі ІІІ орын, Рима Нұржанова жүлделі ІІ орын, Айнұр Болатова жүлделі І орынды қанжығасына байлады. Тартысты өткен ересектер арасындағы додада Даниял Ғилым үздік үштікті түйіндесе, Ернұр Ержан ІІ орын, тереңкөлдік Қуандық Ғалламов бас жүлдеге ие болды.

20220607051212_IMG_1669

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ааа

Айнұр Болатова, жарысқа қатысушы:

- Көпшілік марафон өте қызықты өтті. Жалпы көпшілік спорттық шаралар аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ауданымыздың спорт саласын дамытуға бағытталады. Сондықтан біз өз денсаулығымыз үшін, қоғамның спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін осындай жарыстарға қатысып, бұқаралық спортты қолдауымыз керек. Бұдан бөлек спортпен шұғылданып тұру да денсаулығымыз үшін өте маңызды. Жарысты ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале