Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Алмас Сапаров «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық конкурсында пневмонияның бар-жоғын лезде анықтайтын «ChestXRayAl» қосымшасы үшін алтын медальді иеленді.
Халықаралық байқауда Қазақстан мен бірге Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа елдерден келген қатысушылар өз жобаларын таныстырды.
Радиологтарға көмек болатын бағдарламаны жасап шығару идеясы авторға пандемия кезінде келген. Ол үшін медициналық орталықтардан жиналған 5800-ден астам рентгендік кескіндерді қамтитын деректер жиынтығын пайдалана отырып, визуалды кескіндерді талдау үшін жиі қолданылатын конволюционды нейрондық желі оқытылды. Ең жоғары дәлдікке жету үшін Алмас модельдің архитектурасын өзгертті, сонымен қатар әртүрлі тәжірибе жасады.
– Рентген суреті арқылы бағдарлама өкпе қабынуының бар-жоғын 92 пайыз дәлдікпен анықтайды. Егер мамандарға консультация мен диагностика 15 минут қажет болса, ChestXrayAI жасанды интеллекттің арқасында бірнеше секунд жеткілікті, – дейді Алмастың ғылыми жетекшісі Борис Зеленов.
Айдана Хамидуллина,
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы