10.06.2022, 23:20
Оқылды: 50

Тоқаев Теміртауда қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
4871f548c60c44d79a442b9c20db461d
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері  мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым, – деп келтіреді Ақорда Мемлекет басшысының жеделхатын.

Айта кетсек, 10 маусымда сағат 14:30-да Теміртау қаласында ұста-пресс цехының жұмыс істемейтін № 9 термиялық пешіндегі отқа төзімді қалауды бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлады. Пеш күмбезінің құлауы салдарынан үйінді астында бес адам қалып кетті. Олардың төртеуі қайтыс болды, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале