11.06.2022, 17:07
Оқылды: 74

Дүбірге толы дала қызықтары

Бүгін Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында ауданымыздың қайта құрылғанына 50 жыл толуына және Балалар жылына орай ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен дала қызықтары өтті. Бәйге десе делебесі қозатын жұрт алаңға көптеп жиналды.

IMG_5744

Балалар жылына ұйымдастырылған шарада балаларға арналған жарыстар да болды. Алдымен жаяу жүгіріске кезек берілді. 10 жасқа дейінгі балалар 100 шақырым жаяу жүгіруден жарысты. Нәтижесінде, А.Құмар І орынға, І.Мақсот ІІ орынға, Б.Юсупов ІІІ орынға ие болды. 10 жастан жоғары Рашид Юсупов І орынды, Ернар Амантай ІІ орынды, Маралбек Мақсот ІІІ орынды еншіледі. Дәл осы дәрежеде Арсен Мұратқали І орын, Дархан Құрмашев ІІ орын, Әділжан Сәрсенғали ІІІ орын алды. Вело жарыстан Манас Темір І орынға ие болса, Фархат Юсупов ІІ орын алды. Максим Мақсот ІІІ орынға табан тіреді. Тай жарыстан Алтынбек Тілекқабыловтың (Бірлік ауылы) «Подарка» атты сәйгүлігі мәре сызығын бірінші болып кесіп, І орынға ие болса, Ақәділ Азаматтың (Жаңақала ауылы) «Хализаты» ІІ орынға ие болды. Арнұр Болатовтың (Бірлік ауылы) «Көкдауылы» ІІІ орынға табан тіреді. Тоғыз шақырымдық топ жарыста Алтынбек Тілекқабыловтың (Бірлік ауылы) «Бірлік» атты жүйрігі өзгелерден оза шауып, бас бәйгені жеңіп алды. Айбатыр Миразаттың (Жаңажол ауылы) «Қырғиы» ІІ алса, Мәди Имашевтың (Бірлік ауылы) «Маңғыстауы» ІІІ орынды олжалады. Аламан ат бәйгесінде Әліби Боранбайдың (Бірлік ауылы) арғымағы алдына қара салмай І орынды қанжығасына байлады. Мақсат Бекқалиевтің (Жаңақала ауылы) тұлпары ІІ орын алса, Алтынбек Тілекқабыловтың (Бірлік ауылы) кермиығы ІІІ орынды еншіледі.

Райхан Хамзина, 

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале