«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, төбелеске себепкер болған оның сүйіктісі сотта куәгер ретінде қатысуда. Жанжал қызғаныш негізінде туындаған.
Марқұмның анасының айтуынша, ұлын биге бір қыз шақырған. Бірақ, белгілі болғандай, бейтаныс жігіт жалғыз емес, жігітімен бірге болған.
-Жігіті ұлымды дәлізге апарып, бетінен ұрған. Сол жерде болған жігіттер оларды ажыратып, жанжал біткен сияқты болған, - дейді марқұмның анасы
Марқұмның анасының айтуынша, таңғы сағат 06:00-де ұлын қағып кеткен ер адам сүйіктісіне пышақты көліктен алып келуді айтқан. Қыз пышақты әкелді, бірақ жігітке бермеді, өзі мойынға сұғып алады. Артынша оның жігіті пышақты тартып алған. Артериясына тиген пышақ жарақатынан жігіт тілге келместен кетеді.
Марқұмның анасы оқиғадан кейін ғашықтар көлікке отырып, жоғалып кеткенін алға тартады. Кейін олар ұсталды.
Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына жабылды.