14.06.2022, 22:47
Оқылды: 48

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Рухолла Саматовтың төрағалығымен өткен қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. 

IMG_5754

Алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов аталған мекеме бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндама жасады.

IMG_5757

Екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Б.Төремұратов аудандық полиция бөлімінің 2022 жылғы атқарған жұмыстарының есебін айтты. Келесі мәселе бойынша Пятимар ауылдық округінің әкімі Ж.Хайрелов Пятимар ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемелекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндады. Төртінші мәселе бойынша Мәстексай ауылдық округі әкімі Мәстексай ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы хабарлама жасады. Келесі мәселе бойынша аудандық "Қазсушар" РМК БҚО филиалы басшысы Е.Төлеуғалиев аталған мекеменің атқарған жұмыстарының есебін жүйелеп айтты. Алтыншы мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Көпжасар, Салтанат, Саралжын, Аққұс, Борық, Бірлік, Үшкемпір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы баяндама жасады.

IMG_5760

Соңғы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектер және ардагерлер ұйымының бөлімше меңгерушісі Қ.Досқалиева аудан әкімдігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №277 «Аудан бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы баяндады.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале