Energyprom.kz-тің хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында елде 18,7 миллион литр жеміс-көкөніс шырыны өндірілген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 2,1% аз.
Өңірлік тұрғыда сектордағы ең көп сусын Алматы облысында өндірілді: 10 млн литр, жылына плюс 32,6%. Үздік үш аймаққа Нұр-Cұлтан (4,6 млн литр, жылына минус 27,1%) және Қостанай облысы (2 млн литр, плюс 17,9%) кірді, – деп хабарлады зерттеушілер.
Мамандар жеміс шырындарының ішінде апельсин шырыны (6,4 миллион литр) мен алма шырыны (4,9 миллион литр) өндірістің басым бөлігін құрайтынын айтады.
Сонымен қатар 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөніс пен жеміс шырындарының бағасы бір жылда 16,6% өскені атап өтілді. Оның ішінде жеміс шырындары 16,5%, көкөніс шырыны 19,2% қымбаттады.
Түркістан облысының тұрғындары сектордағы ең күшті жылдық бағаның өсуін бірден сезінді. Мұнда сусындар бір жылда 25% қымбаттаған. Көшбасшы үштіктің қатарына Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысы да кірді. Ең аз жылдық баға өсімі Батыс Қазақстан облысында тіркелді (5,1%). – деді сарапшылар.