16.06.2022, 14:45
Оқылды: 53

Дезинфекция жұмыстары жүруде

Республикалық эпизоотияға қарсы отряд БҚО филиалының мамандары Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылына 16 маусымда келіп, қасқырдың құтыру ауруы анықталуына байланысты сауықтыру жұмыстарын бастады.

IMG-20220616-WA0032

Сауықтыру жұмыстарының шеңберінде Шоқтыбай ауылындағы 1649 бас ірі қараға, 1290 бас ұсақ малға, 141 жылқыға, 50 итке, 55 мысыққа құтыруға қарсы вакцина егіліп, ауыл шаруашылығы малдарын ұстайтын 57 үйдің ауласына дезинфекция жасалатын болады. Жалпы ауыл бойынша 11550 шаршы метр аумаққа дезинфекция жасалады.

Арман Керей,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале