29.06.2022, 15:45
Оқылды: 64

БҚО-да 35 000 шаршы метр ғимарат инвесторларға ұсынылады

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 
290745094_2292287670912024_8294862713309062418_n
- 2013 жылы Орал қаласында 1500 адамға арналған тергеу изоляторының құрылысы басталған болатын. Бүгінде нысан 90%-ға дайын. Ғимараттың баланстық құны шамамен 5,2 млрд теңгені құрайды.
Жер телімінің жалпы ауданы 11,8 га.  Ғимараттардың жалпы ауданы 34 931,4 м2 құрайды. Осы аумақта әкімшілік ғимараты, жатақханалар, спорт залы, гараждар, күзет бөлмелері, шеберханалар, көкөніс қоймасы, асхана, қазандық және тағы басқа нысандар орналасқан. Инфрақұрылым 90%-ға аяқталған.
Өңірдің ерекшелігіне тоқталсақ, Батыс Қазақстан облысы Ресейдің 5 облысымен және Қазақстанның екі облысымен шектеседі. Орал қаласынан 700 шақырым радиуста 20 миллионға жуық адам тұрады.
Біз аталған нысанды кез келген бағыттағы бизнеске беруге дайынбыз. Әсіресе әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдаймыз (медициналық орталық, шағын бизнес үшін инкубатор, жастар қалашығы және т.б.).
Нысан инвесторға жеңілдікті шарттармен, яғни, төлем мерзімін ұзарту арқылы және ұлттық валютамен беріледі. Сондай-ақ біз мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ұсыныстарды да қарастыруға дайынбыз.
Ол жағдайда нысанның сомасы инвестор тарапынан өтелмей, инвестордың жобасындағы мемлекеттің үлес шотына түседі. Сонымен қатар мемлекет жобалық қызметтерді тұтынушы ретінде қолдай алады (медициналық қызметтер, білім беру қызметтерін жан басына шаққандағы қаржыландыру және т.б.).
Жоғарыдағы ұсынысқа қызығушылық білдірген кәсіпкерлерге менің жеке WhatsApp нөміріме +77017776037, «Инвестор» деген белгімен өз ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймын, - деп жазады Ғали Нәжімеденұлы.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале