Дәл осындай атаумен Қаратөбе ауданы орталығында Астана күніне орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты шарада сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:
- Құрметті жерлестер! Қазақстан халқы үшін ерекше тарихи-мәдени маңызға ие бұл мейрам шын мәнінде Тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерінің символына айналды. Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!,- деді аудан басшысы.
Салтанатты шараны әнші Таңат Жексенбаев “Ақ орда - Астана” әнімен жалғап, аудандық мәдениет үйінің қызметкерінің орындауында “Есілдің жағалауы”, “Ару Астана”, “Ауылды ұмытып кетпендер”, “Астана”, “Арман-ай”, “Бір ел болса”, “Түнгі лирика”, “Ұлы дала елі” сынды әндер шырқалды.
Шараны “Ақбақай” тобы “Туған ел”, “Атамекен” әндерімен қорытындылады.
Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz