7.07.2022, 19:06
Оқылды: 45

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Рухолла Саматовтың төрағалық етуімен аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәслихат депутаты Серік Жардемалиев, қоғамдық кеңес мүшелері және тиісті сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде қаралған сегіз мәселеде жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар түйткілді мәселелер талқыланып, шешу жолдары ұсынылды. Нақтырақ айтсақ, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Бекболатов, Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының орынбасары А.Ишанов, Қызылоба ауылдық округінің әкімі А.Жұмағазиев өз салалары бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндады.

IMG_7320

Жаңақала ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» №130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және аудан бойынша такси тұрақтарын ұйымдастыру мен жабдықтау, коммуналдық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Мұратов ұсыныстарын жеткізді.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Семенов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсанындағы 15-1 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы айтты.

Арайлым Айденова, 

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале