8.07.2022, 11:00
Оқылды: 41

Жастар тәрбиесі өзекті

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапханада дін саласы бойынша жұмыстанатын аудандық ақпараттық-түсіндірме тобының қатысуымен жиын өтті.

 

д

Ақпараттық-түсіндірме тобының жетекшілері мен осы сала бойынша жұмыстанатын топ өкілдері қатысып, жастар тәрбиесіне қатысты құнды пікірлерін ортаға салды.

Ауданымыздан түлеп ұшып, жоғары оқу орындары мен арнаулы коллеждерге оқуға түскен студенттеріміз өте көп. Олардың тәрбиесіне, сонымен қатар теріс жолдарға түсіп кетпеуіне қоғам болып жұмыстану, бағыт-бағдар беру аса маңызды. Аудандағы дін саласы бойынша жұмыстанатын ақпараттық-түсіндірме тобы да жастар тәрбиесі, имандылық, адамгершілік бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізумен айналысады.

Кездесуде сөз алған аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Төлебайұлы жастар арасында теріс қылықтардың орын алуы жайлы және  ата-ананы қадірлемеудің кесапаттары турасында түсіндірсе, кәсіптік колледж директоры Мәулен Аманшаұлы жастар арасында бос уақытты тиімді пайдаланбау,  кітап оқудың маңызы жайында баяндады.

Қаратөбе әйелдері ҚБ-ның төрайымы Самал Ыбырайқызы да қыз бала тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі екендігіне тоқталып, болашақ ана болар студент қыздарға кіршіксіз таза, еңбекқұмар болуға шақырды.

Қорытынды сөз сөйлеген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы бүгінгі студенттермен өткізіліп отырған шараның мәні мен маңызы зор екендігіне тоқталып, ауданда көбі біле бермейтін ишан, хазіреттердің, дін ұстанған тұлғалардың өмір тарихына тоқталып өтті.

Кездесу кешінде Қаратөбе кәсіптік колледжі дайындаған «Адасқандар» сахналық қойылымының бейнеүзіндісі көрсетілді.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале