11.07.2022, 15:45
Оқылды: 431

 Құқықтық статистика – сенімді ақпарат кепілі

Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, елімізде қарқынды қызмет атқарып келе жатқан құқықтық институттардың бірі – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті. Аталмыш комитеттің және оның аумақтық басқармаларының құрылғанына биыл – 25 жыл. Соған орай ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының бастығы, аға әділет кеңесшісі Жанат Нұрмағамбетовамен сұхбаттасып, жүктелген міндет-миссиялармен бұл институттың еліміздегі құқықтық реформаларға ықпалы төңірегінде білген едік.

нурмагамбетова жанат 

– Жанат Жандоллақызы, Құ­қық­тық статистика және ар­найы есепке алу жөніндегі ко­ми­тетінің құрылуына қандай тари­хи алғышарттар себеп болды?

– Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары қылмыспен күресті кү­шейтіп, мемлекеттің қауіпсіз­дігін қамтамасыз етудің жаңа пәр­менді де тиімді тәсілдерін ен­гізу аса қажет болды. Осы мә­се­лені оңтайлы шешу үшін қыл­мыстың динамикасы мен сипатын көрсететін толық әрі анық қылмыстық-құқықтық ста­тис­тиканы қалыптастыру керек еді. Мұндай статисти­каны сол кезде Мемлекеттік те­ргеу ко­митеті мен Ішкі істер министр­лігінің жү­йе­сінде ішінара жұмыс істеп тұр­ған Криминалдық ақпа­рат ор­та­лықтары атқаратын. Алай­да бұл құрылымдар бүкіл еліміз­дің қыл­мыстық ахуалын түгелдей қамти алмады. Содан Қауіпсіздік кеңесі Елбасыға қылмыстық-құқықтық статистиканы мүдделі ведомст­волар қатарынан шығарып, еліміз­дің Бас прокуратурасы жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығын құруды ұсынды. Бұл ұсынысқа негіз болған – Бас прокуратураның айрықша конституциялық мәртебеге ие болып, ел Президентіне ғана есеп беруі, сондай-ақ елдегі заңдылық жағдайын қадағалаушы бірден-бір құрылым әрі қылмыспен күрес саласындағы құқық қорғау құрылымдарының үйлестірушісі болып танылғандығы еді. Елбасының 1997 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығымен Бас прокуратураның жанынан мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық қызметтерін біріктіру арқылы Құқықтық статис­тика және ақпарат орталығы құрылды.Құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды одан әрі жетілдіру мақсатында 2003 жылғы 28 наурызда Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Жарлыққа және сол жылы 22 желтоқсанда «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы»ҚРзаңына қол қойды. Бұл екі құжат Құқықтық статистика саласындағы уәкілетті құрылымның мәртебесін, міндеттері мен функцияларын заңнамалық деңгейде айқындауға және мемлекеттің құқық қорғау жүйесінде белгілі бір орын алуға мүмкіндік берді. Қадағалау функциялары мен прокурорлық өкілеттіктер құқық қорғау және сот құрылымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін біртіндеп арттыруға сеп болды.

Ширек ғасырды қорытындыласақ, құқықтық статистика қоғам мен мемлекет өмірінің түрлі салаларында заңдылықты қадағалап келеді. Бүгінгі таңда құқық қорғау құрылымдарының – соттардың, прокуратураның, әділет және ішкі істер құрылымдарының, адвокатураның қызметін құқықтық статистика деректерін пайдаланбай елестету қиын.Бұл деңгейге жету үшін қандай  цифрлық инновациялық жобалардың тиімділігі басым болды?

– Шындығында да солай. Криминологиялық, қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік, криминалистикалық, әкімшілік-құқықтық және басқа да құқық қорғау жүйесі салаларының бірде-бірі құқықтық статистиканың деректерінен тыс жемісті дами алмайды. Өйткені ко­митет елдегі құқықтық ахуал туралы бір­ден бір толық әрі анық ақпарат көзі ретінде Президент Әкімшілігін, Қауіпсіздік Кеңесін, Үкіметті, өзге де мемлекеттік құрылымдар­ды  жасалған қыл­мыс пен құқықбұзушылық­тар­ туралы, сыбайлас жемқорлықпен және нашақор­лық­пен күрес жайындаресми ста­тис­тикалық деректермен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ азаматтар өті­ні­шінің қаралуы, бизнеске тексерулер жүргізу, сот­тағы істер бойынша және жалпы ел­дегі заң­дылықтың сақталуы туралы мәлімет береді. Комитет 2004 жылдан бастап  құжаттарды автоматтандыруға көшті. Прокурорлық өкілеттіктердің болуы, ақпараттық технологиялардың енгізілуі, деректерді жинақтауға және өңдеуге ғана емес, құқық қорғау және сот құрылымдарына тексеру жүргізуге де мүмкіндік берді. Комитет статистикалық мәліметтерді қалыптастырып қана қоймай, есепке алу-тіркеу және есеп тәртіптеріндегі бұзушылық фактілерінің жолын кесе алатын, құқық қорғау саласындағы жағымсыз үрдістерді анықтайтын басымдыққа ие. 2011 жылы Комитет қылмыстық қудалау құрылымдарында арыздардың электронды тіркелуін енгізді. Содан бастап арыз-шағымдар жедел қаралып, неғұрлым сапалы, толық әрі объективті тексерілетін болды, шешілмеген арыздар саны бұрынғыдан едәуір төмендеді. Қылмыстарды жасырудың жолын кесу мақсатында елімізде қылмыстық қудалау құрылымдары қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі енгізілді.ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» заңында қылмыстарды жа­сыру­ға жол берген басшыларды жұмыстан шыға­рылуы көзделді. Қабылданған іс-шаралар жа­сырылған қылмыстардың санын он есеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл күнделікті жұмысымызда заман үрдісіне сай жаңа электронды технологияларды мық­тап енгізуіміздің игі жемісі еді. Бір сөзбен айтқанда, құқықтық статистика ұсынатын ақпарат пен деректер қылмысқа қарсы күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарламаларды әзірлегенде пайдаланылады. Ақпараттық сервис, талдау орталығы, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (Единый реестр досудебного расследования), әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (Единый реестр административных производств), Е-қылмыстық іс (Е-уголовное дело), тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (Единый реестр субъектов и объектов проверок), Е-өтініш секілді цифрлық инновациялық жобаларды табысты енгізудің арқасында құқықтық статистика басқармаларының жұмыс процесітолық электрондық форматқа көшірілді.

Жанат Жандоллақызы, Мемлекет басшысы наурыз айындағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында  құқық қорғау институттарын күшейту қажеттігін атап өткен болатын. Бұл бағытта қандай іс-шаралар жүзеге асуда?

– ЕлПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда  ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялады, бірқатар бастамалар прокуратурамен тікелей байланысты. «Прокуратура туралы» заңға Конституциялық заң мәртебесі енгізілуде, сондай-ақ Бас прокурорға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру ұсынылды. Осы міндеттерді іске асыру үшін аумақтық статистикалық басқарманы қажырлы да жауапты жұмыс күтіп тұр. Біз азаматтардың, әсіресе, қылмыстық процесс, бизнес, кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын, мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау саласында күш-жігерімізді шоғырландыруды жалғастырамыз.Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының күнделікті қызметіне озық цифрлық технологияларды енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бұл ретте негізгі рөл құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әлеуетін пайдалануға жүктеледі. Бүгінгі таңда біз азаматтардың өтініштері, сот шешімдері, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша есеп жүргізудеміз. Талдама жүргізу үшін 40 есеп нысаны бойынша статистикалық мәлімет жинақталуда.

Инновациялық цифрлық жобалар елдегі заңдылықтың жай-күйінанықтауда өз тиімділігін беруде. Мысалы, Е-ҚІ функционалы әкімшілік және қылмыстық, сондай-ақ бақылау-қадағалау құрылымдары мен бизнес субъектілерінің қатынастары саласындағы сотта істерді толығымен электрондық форматта тергеп, қарауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ сот ісін жүргізудің ашықтығын, материалдарды бұрмалау тәуекелдерін азайтуға және тергеп-тексеру мерзімдерін қысқартуға септігінтигізуде. ӘІБТ процессингтік орталығында полиция қызметкерлері қылмыскерлерді іздей алады. Мұнда ел аумағындағы жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзғандардың фото-бейне тіркеу құрылғыларымен түсірілген деректері жинақталған. «Электрондық іздестіру» модулі бюрократиялық рәсімдерсіз адамды жедел іздестіруге мүмкіндік береді. Құқықтық статистика қызметтерінің деректер базасы қарапайым, азаматтар үшін қолжетімді.

–  Былтыр сәуір айынан бастап елімізде құқықтық реформа аясында полиция, прокуратура және сот өкілеттіктерін нақты бөле отырып, үш буынды модель енгізіле бастады. Осы орайда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармаларының рөлі қандай?

– Полиция қылмыстарды анықтап, оларға қатысы бар адамдар туралы дәлелдер жинайды. Прокурор ҚР Конституциясының 83-бабында көзделген конституциялық өкілеттіктер шеңберінде жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді, азаматтардың құқықтарын бұзудың жолын кеседі. Адал азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол бермейді. Сот тергеу сатысында адам құқықтарының сақталуын бақылайды, тексерген соң барлық дәлелдерді бағалайды және түпкілікті үкім шығарады. Өз кезегінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасы сандық деректердің дұрыстығын қашықтан қадағалауды жүзеге асырады және уәкілетті мемлекеттік құрылымдарды, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушыларды объективті құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді.Түп­теп келгенде, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары қоғамның  қауіпсіз­дігін сақтауда, қылмыс­­пен кү­ресте, сондай-ақ азамат­тар­дың құ­қық­тары мен бостан­дық­тарын қорғауда өз үлестерін қосып келеді.

Осы сәтті пайдалана отырып, Батыс Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасының ардагерлері мен әріптестерімдімекеменің мерейтойымен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін.

                                                                        Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале