12.07.2022, 15:45
Оқылды: 47

Сайлау жүйесі жаңаруда

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезінде сайлау үдерісінің құқықтық негіздері және сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында семинар өтті.

2C285EC1-5CEA-4EEE-95AA-4BEA4A45BF0B
Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аветик Амирханян,
облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов қатысты.

-Өздеріңіз білесіздер, сайлауға қатысты заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Осыған орай сайлауға деген дауыс берушілердің көзқарасы, сайлаудың жүйесі, тәртібі өзгеруде. Заң талаптарына сай аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін халық білуі керек. Бес жылға сайланған сайлау комиссиялары мүшелерінің атқаратын міндеттері белгіленіп берілуі тиіс. Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары жоспарлы жұмыс атқаруы және олардың күнделікті жұмыс жоспары болуы қажет. Сонымен қатар олардың жұмысы барынша ашық болуы керек. Алдағы уақытта өтетін Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, аудан әкімдері сайлауы кезінде мұның бәрі көрініс табары анық, - деді Ғайса Хамидоллаұлы.

74E3BAC1-6C84-4F5A-BFE4-1D0BF16DD8E2

Парламенті Мәжілісінің депутаты Аветик Амирханян заң шыңару үрдістері, сайлаудағы реформалар туралы айтып өтті.

Семинарда сондай-ақ сайлау бюллетеньдері, әкімдікке үміткерлердің байқаушыларымен және сенім білдірген адамдармен жұмыс, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау турасын да сөз болды.

Жиын соңында сайлау жүйесінде көп жыл қызмет атқарып келе жатқан бірқатар учаскелік комиссия мүшелеріне алғыс хаттар және семинарға қатысушылар үшін сертификаттар табысталды.

 Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале