Ұлттық экономика министрлігі Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, марқұмды жерлеуге қатысты тармақ толықтырылды. Енді туыстары зират қорымының әкімшілігіне марқұмға берілген қайтыс болу туралы медициналық куәлікті, не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болғаны туралы хабарламаны ұсына алады.
Есепке алу журналында мынадай мәліметтер енгізіледі:
Марқұмның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, жеке сәйкес тендіру нөмірі (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні және нөмірі, жақын туыстарының мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы қамтылады.
Құжат АшықНҚА сайтына 4 тамызға дейін орналастырылған.