26.07.2022, 18:01
Оқылды: 83

Алдиярдың Ақтаудағы жеңісі

Биылғы жылдың 21-24 шілде күндері аралығында Ақтау қаласында самбо күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірім ұл-қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Осы дүбірлі додаға 88 келі салмақ дәрежесінде Шыңғырлау аудандық БЖСМ тәрбиеленушісі, облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернат-колледжінің студенті Саин Алдияр қатысып қайтты. 

1

Жекпе-жекте қарсыластарынан бірде басым түсіп, бірде еншісін берген Алдияр қайткенде де жүлдесіз қайтпауды мақсат тұтты. Нәтижесінде, ол III-ші орынды иеленіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Жерлесімізді кезекті жүлдесімен құттықтай отырып, алда да жеңісті күндер жалғасын таба бергей дейміз.

Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале