29.07.2022, 18:01
Оқылды: 54

Браконьерлерден 2 284 киік мүйізі тәркіленді

Кеше Алматы облысы аумағында 3 броконьер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

2022_07_29_crop-4_10_565x847_220729173848504e

«28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. Олар: БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Белгілі болғандай броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале