4.08.2022, 13:00
Оқылды: 44

Көпшілікті алаңдатқан көпір қашан жөнделмек?

Қырқопа ауылының кірме жолында орналасқан көпірдің беткі жабындарының опырылып түсуі ауыл тұрғындарының берекесін қашыруда. Ауыл белсенділері оқыс оқиғаның орын алғанына екі аптаға жуық уақыт өткенін тілге тиек етіп, редакцияға хабарласқан болатын. Осы орайда Жаңақала ауданы әкімі Дархан Закарин және Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Жанғали Мұратовпен тілдескен болатынбыз. 

IMG-20220804-WA0017

- Оқиға орын алғаннан кейін дереу облыс әкімдігіне хат жолданып, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Алия Кабенова, жобалаушы ұйым өкілі Александр Горшенин келіп, мамандар техникалық зерттеулер жүргізді. Әрине 1978 жылы салынып, бірде бір күрделі жөндеуден өтпеген бөгетке облыстық бюджеттен айтарлықтай қаржы қажет. Дегенмен қол қусырып отырмай шама келгенше әрекет етудеміз. Көпірдің құлаған бөлігіне уақытша су өткізгіш құбырлар салып, жол - көлік қатынасын қалыпты жағдайға келтіреміз. Сонымен қатар облыстық салалық басқармаға жаңа көпір құрлысын жобалау жұмыстарына қаражат бөлуге бюджеттік жолдау және жобалау жұмыстарын қолға алып жатырмыз. Қырқопа ауылының 2023 жылғы кірме жол құрлысын салу барысында көпір құрлысында бірге қолға алу жоспарда, - деп ортақ шешімдерін жеткізді.

- Кіре беріс көпірдің жағдайы мәз емес. Осы көпір арқылы Сағырбай, Итбатыр көлдіктеріне және шаруа қожалықтарының шабындықтарына су барады. Сонымен қатар Соркөлге де осы көпір арқылы жіберіледі. Қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары сақталып, көпірдің екі жақ бетіне сақтану белгілері қойылып, жарамсыз жер қоршалды. Түнгі уақытта учаскелік инспектор, күндіз әкімшіліктен кезекшілік қойылды, - дейді Қырқопа ауылдық округі әкімі Абзал Ахметов.

IMG-20220804-WA0018

Түйін: Иә, күрмеуі көп күрделі жағдайдың шешімі қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Жауапты азаматтардың әрекеттерін көзбен көргеннен кейін,бұзылған бөгет жақын арада қалпына келеді деген сенімге тоқталдық.

Зара Жардемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале