«Ұлттық тестілеу орталығының негізінде ҰБТ-ны бір рет емес, бірнеше мәрте тапсыруға мүмкіндік беріледі. Біз талапкер өзін-өзі бағалауы үшін арнайы платформа енгізіп жатырмыз. Енді талапкер бірнеше рет тестілеуден өтеді және сол арқылы өзінің мықты тұстарын көреді. Оған биыл нақты грант берілетіні немесе қандай мамандықтар сол балаға сәйкес келетіні көрсетіледі. Ол ақпарат жеке талапкерге, оның ата-анасына жолданады. Сосын ол ҰБТ-ға кіріп, өзіне қажет таңдау пәнін айқындайды. Біздің үмітіміз осы механизм арқылы жағдайды өзгерту», - деп мәлім етті Ғылым және жоғары білім министрі.
Бұдан бөлек форум аясында Саясат Нұрбек білім грантын бөлу механизмі мектептегі кәсіптік бағдарлаумен сәйкестендірілетінін жеткізді.