27.08.2022, 13:00
Оқылды: 51

"Сорақы жағдай": Ажар Ғиният ана өлімі жоғары өңірлерді атады

Ведомствоның алқа отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аймақтарға жұмыс сапары және халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау және ведомствоға келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, медициналық көмек сапасының стандарттарын өрескел бұзатын бірқатар аймақтар мен медициналық ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алды.

6309ab034b776060095491

Жыл сайын медициналық көмек сапасына қатысты 5,6 мыңнан аса арыз тіркеледі. Биыл бірінші жартыжылдықта осындай 2,8 мың арыз-шағым келіп түскен. Бұл ретте 30%-дан аса жағдайда фактілер нақтыланады. Өкінішке қарай, жағдай жақсы жағына өзгеріп жатқан жоқ. Бірқатар өңірлерде медицина қызметкеорлерінің өз қызметтік міндеттеріне орындауға салғырт қарауы және медициналық ұйымдардың менеджементі нашар ұйымдастырылғаны байқалады», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы өз баяндамасында.

​Министр медициналық көмек көрсету ережелері мен стандарттарын бұзу жаппай сипат алып бара жатқанына назар аударды. Ағымдағы жылдың 6 айында осы тектес 500-ден аса жағдай тіркелген. Сондай-ақ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті көбінесе жағымсыз жайттарға әкеліп соғатын клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуға қатысты 1600-ден аса фактіні анықтады.

​«Ана өлімі жағдайларын тексеру де стандарттардың сақталамайтынын көрсетеді, себебі аналар өлімінің құрылымын сараласақ, 73% – бұл басқарылатын, яғни әрекет-амал жасауға болатын себептер, 27% өлім жағдайы ғана ауыр соматикалық аурулардың салдарынан болған», – деп атап өтті А.Ғиният.

​Министр ана өлімі бойынша ахуал мәз емес өңірлердің рейтингінде Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласын атады.
​Ол Акушерлік, гинеокология және перинатология ғылыми орталығында биыл 3 рет ана өліміне жол берілгенін «сорақы жағдай» деп атады. Сарапшылар барлық жағдайда да диагностика кеш жасалғанын, қауіп-қатер мен емдеу тактикасы дұрыс бағаланбағанын нұсқады. Салдарынан өмірі үшін маңызды ағза мүшелері қайтымсыз өзгеріске ұшырап, соңы өліммен аяқталғанын айтты министр. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басшысы қызметінен босатылды.

​Амбулатория мен стационар деңгейінде науқастың жай-күйін жете бағаламау, медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықтың жоқтығы салдарынан өлім жағдайына алып кеткен осындай шулы жайттар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында да орын алғанын мысалға келтірді Ажар Ғиният.

​«Әріптестер, мұндай сорақы жайттар бүкіл өңірдегі жұмысты жоққа шығарады әрі денсаулық сақтау саласына нұқсан келтіреді», – деп ескертті ведомство басшысы.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале