27.08.2022, 15:00
Оқылды: 39

Павлодар облысында жаңа қант зауыты салынуы мүмкін

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_20220827_112921

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар облысының әкімдігімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, өңірде қант қызылшасы өндірісінің көлемін кеңейту шараларын қабылдап, Павлодар облысында жаңа қант зауытын салу мәселесін пысықтасын», - деп тапсырды Әлихан Смайлов.

Үкімет басшысы қантқа ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлихан Смайлов қант бағасына қатысты қажетсіз делдалдарды анықтауды тапсырды.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Қазақстандағы қанттың 58% шетелден жеткізілетінін айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале