27.08.2022, 15:16
Оқылды: 94

Жаңа оқу жылында оқушылар 192 күн демалып, 173 күн оқиды  

Жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп бес күндік оқыту режиміне көшеді. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG_20220827_145346

«Жаңа оқу жылында елімізде 7 мыңнан аса мектеп жұмыс істейтін болады. Оларға жалпы саны 3,6 млн бала келеді және оқушыларға 384 мыңнан астам педагог сабақ береді. Дәстүр бойынша, 1 қыркүйекте республиканың барлық мектебінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар, сондай-ақ «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаты өтеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, салтанатты шараны өткізу форматын, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары өздері айқындайды.

«Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырға дейін, яғни 36 аптаға созылады. Жаздың алғашқы күнінен бастап оқушылар дәстүрлі түрде жазғы демалысқа шығады. Тиісінше, жаздың 3 айында балалар толығымен демалады. Жалпы, бір оқу жылында балалар 4 рет демалады. Бұл жерде ешқандай өзгеріс жоқ. Жазғы демалыс күндерін қосқанда балалар жалпы 192 күн демалады, ал 173 күн оқиды. Оқу жылының 36 апта болуына байланысты үш ауысымды мектептерді қоспағанда 7 мыңнан астам мектеп жаңа оқу жылында бес күндік оқыту режиміне көшеді. Бұл мектептерде 3,4 млн бала және 300 мыңнан астам педагог бар», - деді Шолпан Каринова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале