Облыстық ПД күзет қызметін бақылау бөлімі криминалдық полиция, экстремизмге қарсы іс-қимыл, ақпарат және байланыс басқармалары қызметкерлерімен бірлесіп, жеке күзет ұйымдарының басшыларымен арнайы кеңес өткізді.
Онда негізінен биылғы жылдың 7 айындағы өңірдегі жағдай талқыланды. Алғашқы кезекте 2021-2023 жылдарға арналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру шеңберінде күзетілетін объектілер жайы назарға алынды. Сонымен бірге террористік тұрғыдан алғанда осал нысандар саналатын аумақтарға бейнебақылау жүйесін орнату, әсіресе, түнгі уақытта анық көрінетін камералар қойып, оның үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, дабыл түймелерімен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Осы ретте Орал қалалық полиция басқармасында жедел басқару орталықтарына шығару бағытында түсінік жұмыстары да жүргізілді. Азаматтардың пәтерлері мен тұрғын үйлерін қорғауға алу жөнінде де әңгіме қозғалды. Айта кетелік, жиынға «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы өкілдері қатысып, «бұлтты бейне бақылау» техникаларын пайдалану төңірегінде өз ұсыныстарын жеткізді.
Кеңес соңында жеке күзет ұйымдарынан келіп түскен бірқатар ұсыныс-пікірлер талқыланып, тиісінше түсініктер берілді.
Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №102 (30.08.2022 ж) нөмірінен оқи аласыздар!