1.09.2022, 17:40
Оқылды: 32

Нақты істерге жол ашады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  кезекті Жолдауын жариялады. Маңызды құжатта жастар саясатын қолдауды баса айтқан Президентіміз, 100 мың жасты жұмыспен қамти отырып, кәсіп бастауға ниетті жандарға 2,5 пайызбен несие беру жайын да атап көрсетті. Бұл — еліміздің жалынды жастарына үлкен қолдау деп түсінемін.

2

Бүгінгі таңда Теректі ауданында жастар саясатын жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша 7681 жас бар.  Жыл сайын жастарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Биыл да бұл үрдістен жаңылмай жас мамандарды өңірге тарту мақсатында облыс жастары ұйымдастырған жәрмеңкеге қатыстық. Сондай-ақ Ақжайық ауылдық округінде де өткіздік. Нәтижесінде 6 жас жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік грант есебінен өткен «Бизнес бастау» және «Тәуелсіздік ұрпақтары» сынды жобаларға округтерден жастарымыз қатысуда. Ендігі кезекте шағын кәсіп бастауға жастардың құлшынысы артары сөзсіз.

Президентіміздің жастар саясатына деген сенімі үлкен жауапкершілік жүктеп, нақты істерге жол ашады.

Нұрсұлтан Кәдірғалиев,

Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале