2.09.2022, 16:15
Оқылды: 155

Ілбістің жойылып кету қаупі бар - маман

Ілбістің жойылып кету қаупі бар. Оған таулы аймақтарда салынып жатқан курорттар мен туристер ағыны себеп. Мұндай пікірді ілбісті бақылау орталығының териология зертханасының меңгерушісі, Wildlife Without Borders мүшесі Алексей Грачев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9

Фото:nomawallpapers.blogspot.com

Алексей Грачевтің сөзіншпе, Алматының таулы өңірлері негізгі ландшафтық-экологиялық көрсеткіштер бойынша ілбістердің тіршілік ету ортасы үшін жоғары әлеуетке ие.

«Алайда, қар барысының экожүйелеріне жақын орналасқан қала-мегаполис, халық санының үнемі өсу қарқыны және инфрақұрылымның дамуы ілбістің өмір сүруіне кері әсер етеді. Тіпті, жойылып кету қаупі бар. Оған таулы жерде курорттардың салынуы мен реттелмейтін, стихиялық туристер ағыны себеп болып отыр. Алматы маңындағы тау учаскелерін одан әрі игеру жағдайды одан әрі ушықтырып, тек жабайы жануарлардың ғана емес, бүкіл экожүйенің тіршілік ету ортасына кері әсерін тигізетіні анық», - дейді ғалым.

Айтуынша, Зоология институтының ғалымдары жүргізген соңғы зерттеулерге сәйкес, Алматы төңірегіндегі кейбір учаскелерде 1 200 метр биіктіктен қар барыстары табылған.

«Бұл шамамен Көктөбе деңгейінде. Негізінен, қар барыстары қыста соншалықты төмен түседі. Барыстар Алматының қазіргі шекарасында – Бостандық және Медеу аудандарында тұрады, яғни олар қала тұрғындары ретінде есептеледі. Іле Алатауында мекендейтін 40 барыстың 23-і Алматы қаласынан 30 шақырым радиуста мекендейді, оның ішінде 5 дара түрі қалада тұрады», - деді Алексей Грачев.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале