Заңнамаға «отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты зорлық-зомбылық» деген ұғым енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.
«Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бағытында қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына «отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты» деген қосымша саралауды енгізу қажет», - деді министр.
Айтуынша, отбасына зәбір көрсеткен адамға қолданылатын әкімшілік жазаның мерзімі ұзартылмақ.
«Осындай қылмыс бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегін 5 тәуліктен белгілеу, сондай-ақ қайталанған жағдайда қамауға алу мерзімін 25 тәулікке дейін (бұған дейін 20 тәулік болан) ұлғайту жоспарлануда», - деді Марат Ахметжанов.