Жуырда Қаратөбе ауылдық округінің жеке кәсіпкері Гүлнар Мұсаева мен Мереке Омаров және ұлдары Тоқтар Омаров аудандық мешіт жанында салынып жатқан асхана құрылысына қажетті материалдарды алып берді. Құны 1 миллион теңге көлеміндегі керамогранит және тақтайша желімін алып, демеушілік жасады.
Мешіт үйінің жанындағы асхананы тұрғызуға көптеген аудан тұрғындары демеушілік жасаған болатын. Солардың бірі – Омаровтар отбасы.
Мешіттің бас имамы Әділжан Төлебайұлы:
- «Жалпы мешіт үйі жанындағы асхананың құрылысы аяқталып келеді. Тек еденге төсейтін материал жетіспей тұр», - деген болатын осыған дейін сөйлескенімізде.
Қаратөбелік кәсіпкер Омаровтар отбасы асхана құрылысының толықтай аяталуы үшін өз техникаларымен еденге төсейтін аталмыш плиткаларды жеткізіп берді.
Ізгілікті іске ризашылығын білдірген аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Төлебайұлы Омаровтар отбасына алғысын айтып, бата берді.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz