5.09.2022, 17:21
Оқылды: 47

Көпірді жөндеу қолға алынды

Ақтаулықтар үшін басты мәселе – Шыңғырлау ауданы мен ауылдарды қатыстыратын жол мәселесі. Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті кәсіпкер азамат өз қаражатына жаңадан көпір салып, ауыл халқының мұқтажын шешіп берген еді. Биылғы жылғы көктемдегі еріген қардың мол суы тасыған кезде сол көпірдің екі жағы шайылып кеткен-тұғын.

8

Алда құбылмалы күз, қылышын сүйретіп қыс келеді. Оған дейін көпірді қайта жөндеп, қалпына келтіріп алмаса алда жол мәселесінен ақтаулықтар тағы зардап шегер түрі бар. Осы мәселенің күн тәртібіне шығарылғанына да көп бола қойған. Жуырда көпірді және ауылдың кіре берісіне дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстарын ақсайлық "ДСК Приоритет" ЖШС қолға алды.

9

2.5 шақырым жер бүгінде қырылып, бұзылған құрылыс қалдықтарынан тазартылды. Қазіргі таңда жұмыс басында екі-үш техника бар, мердігер құрылыс материалдарын жеткізумен айналысуда. Көпірдің бетонды плиталарын одан әрмен бекітіп, табиғаттың тосын мінезіне шыдас беретіндей етіп қатайту көзделіп отыр.

Ойға алынған шаруаны қара күз түскенге дейін аяқтау жоспарлануда.

Г.Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале