Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 33 бабы 2 тармақшасына сәйкес аудан аумағында әскери міндеттілердің далалық жиын лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Жиынның ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс Істер бойынша департаментінің бастығы, полковник Руслан Амиржанов, ҚР ҰҚК шекара қызметі БҚО бойынша департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Рысбеков, аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Шакиров, шекара қызметкерлері, бірқатар бөлім басшылары мен мектеп оқушылары қатысты. Жиын барысында алғашқы болып құттықтау сөз алған ҚР Қорғаныс Істер бойынша департаментінің бастығы, полковник Руслан Амиржанов Ата Заңымызда жазылғандай елімізді қорғау әр азаматтың қасиетті борышы және міндеті болып табылатын айтты. «Құрметті әскери міндеттілер заңға сәйкес бір ай уақыт көлемінде әскери қызметтеріңді аталмыш лагерде өткізетін боласыңдар. Осы далалық жиында заңнамаға сәйкес сіздердің негізгі мақсаттарыңыз лауазымдық міндеттерді атқару, жиын бағдарламасына сәйкес жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу табылады. Әскери оқу-жаттығуларды үздік өтулеріңе тілектеспін. Сіздерді Отанымыз үшін адал қызмет етеді деп сенемін. Сіздерге әскери шеберліктеріңді дамытуда осы жиын үлкен нәтиже береді деген сенімдемін. Жыл сайын еліміз дамып, күшейе берсін. Баршамыз өз елімізде бақытты лайықтымыз. Өз елімізді мақтан етейік. Бейбітшілік пен амандықта өмір сүрейік», - деді ҚР Қорғаныс Істер бойынша департаментінің бастығы, полковник Руслан Амиржанов.
Келесі кезекте құттықтау сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Асқарұлы осындай жиындардың еліміз үшін маңыздылығына тоқталып өтті. «Құрметті жиынға қатысушылар баршаңызды алғашық рет аудан аумағында өтікізіліп отырған далалық жиын лагерінің ашылуымен құттықтаймын. Осындай жиындар елімізде бола берсін. Ел іргесін қамтамасыз етіп жүрген шекарашылардың бүгінде еңбектері зор. Дендеріңзге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз тыныш болсын», - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Шакиров.
Одан әрі жиын ҚР ҰҚК ШҚ БҚО департаментінің бақылау өткізу бекеттерінде қолданылатын арнайы иттердің есірткі заттарын сезу әдістері көрсетілді. Мұнда мемлекеттік шекарадағы бақылау өткізу бекетінде жолаушылардың ішінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдау жолдарын кесу үшін мемлекеттік шекараны бұзушыны қызметтік арнайы итпен ұстап, оны есірткі затын жасырған жолдары әдістері көрсетілді. Сонымен қатар ҚР ҰҚК ШҚ БҚО департаментінің ұтқыр іс-қимылдар тобының мамандары қарумен және қарусыз қоян-қолтық ұрысынан әртүрлі әдістер мен қарулы лаңкестердің автокөлікпен қозғалысында қызметтік арнайы итті қолдану әдісімен лаңкестерді ұстау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін көрсетті. Жиын аудандық мәдени-демалыс орталығының көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
«Бір ай уақыт аралығында осында болады. Мұнда әскер қатарында болғандар, әскери кафедра бітіргендер және ақ билеті барлар қатысып отыр. Осында жоспарға сай күнделікті істерін жасайды. Мемлекет тарапынан оларға жұмыс тарапынан орташа жалақы төленеді. Ал, жұмыссыздар төменгі төлем алады. Лагерьде алты тұрғын үй, қару-жарақ сақтау бөлмесі, санитарлық бөлме, асхана барлығымен қамтылған. Әскери қызметкерлерге бүкіл жағдай жасалған. Бір шақырым жерде әскери полигонымыз бар. Бұл жерде әскери шеберліктерін шыңдайды. Егер осы жиыннан кейін өмірлерін әскери жиынмен байланыстырамын деушілер болса, онда олар құжаттарын тапсырып, жұмысқа орналаса алады», - деді аға лейтенант, ҚР ҰҚК шекара қызметі БҚО бойынша департаментінің офицері Азат Құрмаш.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz