9.09.2022, 16:15
Оқылды: 49

Қылмыс саны 20 пайызға төмендеді

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жиын өтті. Басқосуға ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, аудандық прокуратура мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

IMG_8980

- Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» №271-IV Заңына сәйкес аудан әкімдігі жанында аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жасайды. Алайда қазіргі таңда аталған комиссия жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмей келеді, - деді жиынды ашқан аудан әкімі Азамат Сафималиев.

IMG_8970

Әрмен қарай сөз аудан прокуроры Руслан Сабыровқа беріліп, ол өз кезегінде аудандағы ахуалға тоқталды. Мәселен, қылмыс саны соңғы 8 айда 20 пайызға төмендеген. Керісінше ұрлықтың тіркелуі 3 пайызға өсіп, қазіргі таңда көпшілікті алаңдатуда. Одан бөлек аудан прокуроры трансформаторлардың жағдайы, балалар ойын алаңдары, мал ұрлығы, бағымсыз жүрген малдар, есепте жоқ малдарды тіркеу қажеттігі, көліктердің жылдамдығы, алаяқтар, сотталып келгендерді жұмысқа орналастыру керектігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар Руслан Меңешұлы аудан әкімдігіне ішкі істер бөліміне жылдамдық өлшегіш құрылғысын алып беруді ұсынды. Өз кезегінде аудан басшысы айтылған барлық мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырма беріп, жұмыстану керектігін айтты.

IMG_8983

Жиын соңында аудан прокуроры Р.Сабыров басқа жаққа ауысуына байланысты аудандағы аталмыш жиналыс соңғы екенін жеткізіп, барлықтарына рахметін айтып, сәттілік тіледі. Азамат Сафималиұлы да прокурормен жақсы қызметтес болғанын айтып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале