12.09.2022, 12:30
Оқылды: 57

Біз – бір отбасымыз!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Ата-аналар университеті» ауқымды жобасы аясындағы NIS Oral-да «Тәрбие әлемі» кітапқұмарлардың онлайн қоғамдастығы, «Азамат» әкелер мен ұлдар клубы, аналар мен қыздардың «Күншуақ» мектептері, дәстүрлі «Эврика» отбасылық ғылыми жобалар байқауы, желілік «Тату отбасы», «Біз қарапайым отбасымыз» жобалары және ірі жоба аясындағы арнайы шаралар табысты жүзеге асуда.

1

«Эврика» ғылыми-зерттеу жобалар байқауының түрлі секциялары жетінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына өздерінің қызығушылықтарына сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

2

– NIS Programme негізінде зерттеу дағдыларын дамыту жатыр. Осыған байланысты оқушылардың сұрақтар мен гипотезаларды тұжырымдау, дәлелді деректер жинау және нәтижелерді түсіндіру қабілетін алғашқы оқу жылынан қалыптастыру маңызды. Оқушыларымыздың ата-аналары бұл үшін мектепті қолдауға дайын екеніне және осы процеске белсенді қатысқанына қуаныштымыз, – дейді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.

6

Педагог-куратор–ата-ана–кітапханашы ынтымақтастығы негізіндегі «Тәрбие әлемі» онлайн-кітапсүйерлер қауымдастығы аясында қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты арнайы әдебиеттерді оқып, өзекті мәселелерді талқылайды.

7

«Екі апта ауылда», «Ата-ана жұмысындағы он күн» әлеуметтік практикалары да аналар мен әкелер, аталар мен әжелер қатысуынсыз өтпейді. Жатақханада тұратын оқушылардың әкелері мен аналары, ата-әжесі, аға-әпкелері бас қосатын «Біз-бір отбасымыз!» отбасылық мерекесін өткізу дәстүрге айналған.

5

Жаңа оқу жылында отбасы мен мектеп ынтымақтастығына арналған барлық жобаларды жалғастыру жоспарлануда.

Айдана Хамидуллина,

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

баспасөз хатшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале